Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті.
Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Бұл індет дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.
Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының сапасын арттырудың маңызы зор. Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізігі басымдықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады. Біз қазір Жаңа Қазақстанға аттап жаңа қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына жемқорлықсыз қоғам болып қалыптасуды сіндіру керек. Сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы және адамгершілік міндеті деп білуіміз керек. Сондай-ақ жас буынға жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу-олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғынып жете түсінуіне және орындауына көмектесудің алғы шарттарының бірі болып саналуы тиіс. Ол үшін ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптасқан жағдайда ғана адам адамгершілікке жат-қылықтардан бойын аулақ ұстай бастайды, заңға қайшы келетін әрекеттерді жасауға жол бермейді. Қарапайым тілмен айтатын болсақ, сыбайлас-жемқорлық-бұл қызмет дәрежесін жеке мақсатта пайдалану. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны жас ұрпақ тәрбиесіне зиян болатындығы бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен кесірін тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екендігі айқын. Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі екені әрқайсысымыздың ұғымымызға қалыптасу керек. Бұл кесел қоғамның бақытты болашағын тежейді, елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіреді, жұртшылықтың заң мен әділдікке, билікке деген сеніміне сызат түсіреді.
Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке ел болып атсалысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.
Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының
бас дәрігері
Е.Ш. Абдыхалыков
- Услуги
-
Пациентам
- СЛУЖБА ПОДДЕРЖКИ ПАЦИЕНТОВ И ВНУТРЕННЕГО КОНТРОЛЯ И АУДИТА
- Правила посещения пациентов
- Перечень документов при плановой госпитализации дневной стационар
- Перечень документов при плановой госпитализации
- Лекарственное обеспечение (ГОБМП)
- Права и обязанности пациента
- Приобретения медикаментов и изделия медицинского назначения
- ОСМС
- Финансовые отчеты
- Государственные символы
- Государственные закупки
- Контакты
- Новости
- Нормативные правовые акты
- Реестр государственных услуг
Ещё

У граждан появилась возможность в пару кликов пожаловаться на некачественно оказанную госуслугу
В мобильном приложении Telegram внедрили новый механизм обжалования качества оказания государственных услуг в режиме реального времени. Подать подобную жалобу либо внести предложение по снижению бюрократии, упрощению бизнес-процессов, стало возможным через бот-платформу «EgovKzBot2.0».
Инициатором и разработчиком столь удобной функции для граждан выступили Агентство по делам государственной службы и Министерство цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности.
Функция проста в применении, не требует специальных навыков и имеет удобный интерфейс. Теперь в случае возникновения проблемных вопросов при получении государственных услуг гражданам достаточно в Telegram-бот «EgovKzBot2.0» ввести данные учреждения-услугодателя и направить свои комментарии, предложения или жалобы. Пожаловаться можно, в том числе на истребование излишних документов, необоснованные отказы или несвоевременное оказание услуг и др.
Все поступившие жалобы и предложения рассматриваются и предоставляется обратная связь, вопросы решаются ответственными лицами в кратчайшие сроки.