«Қамқорлық» оңалту орталығына 5 жыл

🔰Жамбыл облыстық көпбейінді балалар аурханасы базасындағы «Қамқорлық» оңалту орталығының 5 жыл толуына арналған іс-шара өтті Мерекелік шараға Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Назарбек Сержан Сәрсенбекұлы қатысып, орталық ұжымын құттықтап, атқарылып жатқан әлеуметтік жұмыстардың маңызын атап өтті. Сондай-ақ, іс-шараға Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының бас дәрігері Кенжалы М.К. және «Қамқорлық» қорының өкілдері қатысып, өз қолдауларын білдірді. Кездесу барысында орталық мамандарын мерейтоймен құттықтап, қызметкерлерге алғыс хаттар табыс етілді. Сонымен қатар іс-шара барысында орталыққа қолдау мақсатында 3 000 000 теңге көлеміндегі сертификат табыс етілді. Бүгінде орталықта баланың мүмкіндігін ашуға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бес жыл ішінде «Қамқорлық» орталығында 9 474 бала оңалту емінен өткен. Олардың 400-і сөйлеу дағдыларын қалыптастырып, әлеуметтік ортаға бейімделудің маңызды кезеңінен сүрінбей өтті.

Таразда бірінші рет «краниосиностоз» диагнозы бойынша ота орындалды.

Таразда 7 айлық сәбиге бірегей ота жасалды.

Таразда бірінші рет «краниосиностоз» диагнозы бойынша ота орындалды — биодеградирленетін пластиналарды қолдану арқылы лоскуттық краниотомия.

Мастер-класс өткізу үшін облыстық көпсалалы балалар ауруханасына Алматы, Шымкент және Түркістан облысының мамандары келді. Отаны Жайлғанов Азамат Әбікенұлының (Алматы қалалық №2 балалар клиникалық ауруханасы) жетекшілігімен, Жұмабаев Саят Асылбекұлы (Тараз қ.), сондай-ақ нейрохирургтер Байматов Мирсайд Миродилович және Мурадов Мирдас Хамудовичтің қатысуымен жүргізді.

Команданың үйлесімді жұмысының арқасында ота сәтті өтті.

Сәбиді нейрохирургия бөлімшесіне ауыстырды, жағдайы тұрақты.

Айта кететін жайт, Жамбыл облысының нейрохирургтері мұндай мастер-класстарды Республика бойынша тұрақты негізде өткізуді жоспарлап отыр.

БАҚ біз туралы:

БАҚ біз туралы:

БАЛАҒА ТУА БІТКЕН БАС СҮЙЕГІ ДЕФОРМАЦИЯСЫ БОЙЫНША БІРЕГЕЙ ОТА ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ЖАСАЛДЫ

Жамбыл облыстық көпсалалы балалар ауруханасында дәрігерлер өңірде бірінші рет бас сүйегінің туа біткен деформациясы — плагиоцефалия кезіндегі жоғары технологиялық отаны сәтті жүргізді.

Ота фиксациялық пластиналарды қолдану және сүйек құрылымдарын жеке модельдеу арқылы орындалды. Мұндай тәсіл медициналық нәтижемен қатар эстетикалық нәтижеге де қол жеткізуге мүмкіндік береді: симметрияны қалпына келтіріп, баланың толыққанды өсіп-дамуына жағдай жасайды.

Бұл оқиға туралы сюжет республикалық «KHABAR» телеарнасында шықты.

📌Сілтеме: https://youtu.be/KLLj0EdORzs?si=Ibnfp6biwNhiwLmi

Жүйке-бұлшықет аурулары бар балаларды мультидисциплинарлық жүргізу

Профессор Лепесова М.М. және медицина магистрі Мырзалиева Б.Д. қатысуымен мастер-класс.

Жүйке-бұлшықет аурулары бар балаларды мультидисциплинарлық жүргізу.

Нейрофиброматоз: клиникасы, диагностикасы, емдеу.

Мультидисциплинарлық жүргізу.

Лекторлар: Штаттан тыс балалар онкогематологы Төленбетова Ш.М. Штаттан тыс балалар неврологы Пралиева Ш.Ш. Неврология бөлімшесінің меңгерушісі Жабасова И.И.

«Асқазан-ішек жолының туа біткен даму ақаулары және аноректальдық даму ақаулары» тақырыбындағы мастер-класс

Хирургия бөлімшесінде ағымдағы жылдың 23-27 маусым аралығында «Асқазан-ішек жолының туа біткен даму ақаулары және аноректальдық даму ақаулары» аурулары бойынша мастер-класс өтті.

Алматы қаласындағы «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының» жетекші маманы М.М. Калабаевтың қатысуымен сәтті түрде 4 ота жасалды, науқастар қанағаттанарлық жағдайда шығарылды.

Реновация жоспарының іске асырылуы

Вице-министрдің тапсырмасы бойынша Реновация жоспары аясында басым профильдік бағыттар бойынша құзыреттілік орталықтары ашылды:

Орфандық аурулар орталығы, Диабет мектебі, Респираторлық орталық, Сурдология орталығы, Бет-жақ хирургиясы орталығы (БЖХ орталығы).

Балаларға медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында тұрақты жұмыс істейтін мультидисциплинарлық команда құрылды.

Балаларға медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін арттыру, критикалық жағдайлардың уақтылы диагностикасы мен емдеуін қамтамасыз ету, госпитальдық және ерте летальділікті төмендету, сондай-ақ бөлімшелер арасындағы сабақтастықты нығайту мақсатында бөлімше меңгерушілерінің қатысуымен тұрақты жұмыс істейтін мультидисциплинарлық команда (МДК) құрылды.