«Жамбыл облыстық көп бейінді балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК

Жаңалықтар

25.12.2025

«Қамқорлық» оңалту орталығына 5 жыл

🔰Жамбыл облыстық көпбейінді балалар аурханасы базасындағы «Қамқорлық» оңалту орталығының 5 жыл толуына арналған іс-шара өтті Мерекелік шараға Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Назарбек Сержан Сәрсенбекұлы қатысып, орталық ұжымын құттықтап, атқарылып жатқан әлеуметтік жұмыстардың маңызын атап өтті. Сондай-ақ, іс-шараға Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының бас дәрігері Кенжалы М.К. және «Қамқорлық» қорының өкілдері қатысып, өз қолдауларын білдірді. Кездесу барысында орталық мамандарын мерейтоймен құттықтап, қызметкерлерге алғыс хаттар табыс етілді. Сонымен қатар іс-шара барысында орталыққа қолдау мақсатында 3 000 000 теңге көлеміндегі сертификат табыс етілді. Бүгінде орталықта баланың мүмкіндігін ашуға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бес жыл ішінде «Қамқорлық» орталығында 9 474 бала оңалту емінен өткен. Олардың 400-і сөйлеу дағдыларын қалыптастырып, әлеуметтік ортаға бейімделудің маңызды кезеңінен сүрінбей өтті.

Бас дәрігер

Кенжалы Маулим Казиевич Сәлемдесу