Жаңалықтар
Таразда бірінші рет «краниосиностоз» диагнозы бойынша ота орындалды.
Таразда 7 айлық сәбиге бірегей ота жасалды.
Таразда бірінші рет «краниосиностоз» диагнозы бойынша ота орындалды — биодеградирленетін пластиналарды қолдану арқылы лоскуттық краниотомия.
Мастер-класс өткізу үшін облыстық көпсалалы балалар ауруханасына Алматы, Шымкент және Түркістан облысының мамандары келді. Отаны Жайлғанов Азамат Әбікенұлының (Алматы қалалық №2 балалар клиникалық ауруханасы) жетекшілігімен, Жұмабаев Саят Асылбекұлы (Тараз қ.), сондай-ақ нейрохирургтер Байматов Мирсайд Миродилович және Мурадов Мирдас Хамудовичтің қатысуымен жүргізді.
Команданың үйлесімді жұмысының арқасында ота сәтті өтті.
Сәбиді нейрохирургия бөлімшесіне ауыстырды, жағдайы тұрақты.
Айта кететін жайт, Жамбыл облысының нейрохирургтері мұндай мастер-класстарды Республика бойынша тұрақты негізде өткізуді жоспарлап отыр.







